«Комиссияның 13 наурызда сағат 11.00 жасаған қорытындысы бойынша балалар сабаққа бара жатқанда көзден жас ағызатын газ балоны қолданылған. Кеше ауруханаға жатқызылған барлық 8 оқушының денсаулығы жақсарып, ауруханадан шығарылды».
Бұдан бұрын хабарланғанындай, Орал қаласындағы №42 мектеп -гимназиясының территориясында 12 наурызда 14 сағат 08 минутта 8 және 12 жас аралығындағы 8 оқушы белгісіз бір газдан уланып ауруханаға жеткізілген болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті