Мемлекет құрылысшыларға инженерлік инфрақұрылымды ұсыну арқылы үлескерлерге көмектесе алады - Матаев - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет құрылысшыларға инженерлік инфрақұрылымды ұсыну арқылы үлескерлерге көмектесе алады - Матаев

Мемлекет құрылысшыларға инженерлік инфрақұрылымды ұсыну арқылы үлескерлерге көмектесе алады - Матаев

Алматы. 13 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет құрылыс компаниялары салып жатқан үйлерге инженерлік инфрақұрылымды ұсыну арқылы үлескерлерге көмектесе алады. "Алданған үлескерлер: проблеманың төркіні мен оны шешу жолдары" деген тақырыпта өткен дөңгелек үстелде ҚР Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев осындай ұсыныс тастады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 14 Наурыз 2008
  • 440
Фото - Caravan.kz

«Егер, мысалға айтар болсақ, жылумен, сумен қамтамасыз ету, электр қуаты кіретін инженерлік инфрақұрылымның 30 пайызы мемлекет есебінен төленсе, онда мемлекеттің үлескерлерге көмектесу үшін бөліп отырған ақшасын банктер арқылы құрылыс компанияларына беруге міндетті емес деген ұсыныс айтар едім», — деді С. Матаев.

Оның пайымдауынша, бұл тығырықтан шығар жолдардың бірі болуы мүмкін. «Мұндай жағдайда сыбайлас жемқорлық та болмайды. Ақша Қазына арқылы банкке барып, оған жетіп болғанша осы ақшаны бөліскен Астанадағы жағдайды білесіздер емес пе? Сол жақтың өзінде-ақ ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыра бастаған».

С. Матаевтың айтуынша, бұл үшін мемлекет құрылыс компанияларымен келісімге қол қоюы тиіс. «Біз саған ақша бермейміз. Біз мемлекет есебінен осы коммуникацияны тартып береміз, деп әр құрылыс компаниясымен келісу қажет».

Журналистер одағы төрағасының пікірін заңгер Сергей Уткин қолдады. Сонымен бірге ол үлескерлердің проблемасын барлық адал емес құрылыс компанияларын міндетті түрде қылмыстық жауапкершілікке тарта отырып шешуге болады деп есептейді. Оның айтуынша, құқық қорға органдары бұл мәселеде өз қызметтерін жеткілікті атқарып отырған жоқ.

«Менің ойымша, тек жалғыз жол ғана қалады. Ол — қылмыстық жауапкершілік. Проблемасы бар құрылыс компанияларының 90 пайызын ақшаны басқа жаққа әкеткен басшылары мен құрылтайшылары құрайды деп түсінемін. Бүгінгі таңда бұл мәселемен ешкім айналыспайды. Міне, жарты жылдан бері бұл мәселе Қазақстанда өте өзекті болып тұр. Біз қазір мемлекет осы жарты жылдың ішінде бір нәрсе тексерді және қаржы полициясы немесе басқа біреуі оны қоғамға таныстырды деп айта аламыз ба?», — деді С. Уткин.

Мысал ретінде ол жер телімі, активі, есепшоттағы ақшасы бар құрылыс компаниясы жөнінде айтты. Қазір оны қаржы полициясы тексеріп жатыр және қылмыстық іс қозғамақшы».

Сондай-ақ, үлескерлерден 20 млн АҚШ долларын жинаған «Верный.KZ» компаниясында қарама-қарсы жағдай қалыптасқан. С. Уткиннің айтуынша, компания басшылығы үлескерлер оған неғұрлым көп шағым жасаған сайын ол өз пайдасы үшін үлескерлердің ақшасын соғұрлым көп жұмсайтынын ашық айтып отыр. «Ол мұны ашық айтты. Ол барлығын ақшамен жабады, ештеңеден қорықпайды. Бұл, әрине, барып тұрған сыбайлас жемқорлық. Міне, бізде қандай құрылысшылар бар. Ал мемлекет бұған қол қусырып қарап отыр», — деді С. Уткин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті