Қаржы нарығын қадағалау агенттігі төрағасының орынбасарлары тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаржы нарығын қадағалау агенттігі төрағасының орынбасарлары тағайындалды

Қаржы нарығын қадағалау агенттігі төрағасының орынбасарлары тағайындалды

Астана. 14 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі төрағасының орынбасарлары тағайындалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 14 Наурыз 2008
  • 443
Фото - Caravan.kz

Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі төрағасының орынбасарлары болып Алина Алдамберген мен Қуат Қожахметов тағайындалды.

Мемлекет басшысының тағы бір өкімімен Ғани Өзбеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

А. Алдамберген 1973 жылдың қаңтарында дүниеге келген. Бірқатар жылдар бойы ABN AMRO Bank-тың Алматы мен Лондондағы бөлімшелерінде қызмет атқарған. Ол бұған дейін Қазақстан Республикасының Алматы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының орынбасары болған.

Қ. Қожахметов 1973 жылдың 2 сәуірінде туған. Былтырдан бері «Цеснабанк» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті