Қырғызстан Республикасындағы халықаралық іскерлік кеңестің атқарушы директоры Таалай Асылбеков мәлімдегендей, Қазақстан бизнесі Қырғызстанның тау-кен өнеркәсібіне белсенді түрде инвестиция құя бастаған.
Оның айтуынша, мұндай жобалардың қатарына Қырғызстанның Талас облысындағы ірі жобалар — Андаш және Жеруй кен орындары, сондай-ақ республиканың оңтүстік өңірінде жүзеге асыру жоспарланып отырған жобалар жатады. Сонымен бірге, оған елдің солтүстігіндегі Талдыбұлақ сол жағалауы атты алтын кеніші де кіреді.
«Тау-кен өндірісінен басқа Қазақстандық инвесторлар тарапынан құрылыс және жылжымайтын мүлік саласына белгілі бір қызығушылық бар», — деп атап көрсетті Т. Асылбеков.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті