ШҚО "Наркощит" операциясы кезінде 1845 құқық бұзушылық анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО "Наркощит" операциясы кезінде 1845 құқық бұзушылық анықталды

ШҚО "Наркощит" операциясы кезінде 1845 құқық бұзушылық анықталды

Семей. 14 наурыз. "Қазақстан Бүгін - Шығыс Қазақстан облысында "Наркощит" операциясы кезінде 1845 құқық бұзушылық анықталды. Бұл туралы ШҚО ІІД есірткі бизнесімен күрес жөніндегі басқармасының аға инспекторы Валентина Асламова хабарлады.

  • 14 Наурыз 2008
  • 502
Фото - Caravan.kz

Оның ақпараты бойынша «Наркощит» шұғыл алдын алу шаралары 10-16-шы наурыз аралығында өткізіледі. «Операция өткізілген үш күннің ішінде 1845 құқық бұзушылық анықталды, оның 13 дерегі есірткімен байланысты болды. Астыртын есірткі саудасы жасалатын 9 орын жойылып, 9 сату оқиғасы әшкереленді. Заңсыз айналымнан 277 грамм есірткі заты тәркіленді, оның 123 граммы героин болды», -деді В. Асламова.

ІІД ЕҚКБ қызметкерлері Өскеменнің 18 жастағы тұрғынынан 25 грамм героин тәркіледі.

Сол күні бұдан бұрын есірткіні сақтап, саудасын жасағаны үшін сотталған 54 жастаға әйел Дмитров көшесінде ұсталды. «Оның джинсы шалбарының қалтасынан 2,36 грамм героин заты сақталған орама табылды «, — деп хабарлады В. Асламова.

Оның ақпараты бойынша қазіргі кезді ірі көлемде есірткі тасымалын анықтаудың кешенді шаралары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті