Шымкентте пәтердегі жарылыс салдарынан бір ер адам қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте пәтердегі жарылыс салдарынан бір ер адам қайтыс болды

Шымкентте пәтердегі жарылыс салдарынан бір ер адам қайтыс болды

Шымкент. 14 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Төрт қабатты үйдің пәтерінде болған өрт болжам бойынша газ жарылысынан туындаған. Жарылыстың қуаттылығы соншалық, ер адамды пәтерінен лақтырып жіберген, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Оңтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 14 Наурыз 2008
  • 486
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарламасында 18-ші шағынаудандағы тұрғын үйде 9.48-де газ жарылысы болып, оның арты өртке ұласқан, деп көрсетілген.

Департамент мәліметтеріне сүйенсек, өрт ас үй мен бір бөлмені жалмаған. Терезе жақтаулары, бөлмелер арасындағы есіктер мен үй заттары жанып кеткен. Өрт 35 шаршы метр аумақты қамтыған.

«Өрт орнына келіп жеткенде үйдің шығыс жағынан зардап шегушіні таптық. Миы қозғалған, иығы сынған, дененің 98 пайызын 3-4 дәрежедегі күйік шалған, көп жерінен жарақат алған деген диагнозбен ер адам жан сақтау бөліміне жеткізілді», деп түсіндірді департаменттегілер.

«Қазақстан Бүгін» агенттігінің тілшісіне жан сақтау бөлімінен хабарлағандай, 43 жастағы зардап шегуші кеше қайтыс болған.

Өрттің шығу себептері мен келтірілген шығын есептелуде. Тергеуді Оңтүстік Қазақстан олысының өрт сөндіру қызметі департаментінің анықтау бөлімі мен Шымкент қаласының Еңбекші аудандық ІІД қызметкерлері жүргізіп жатыр, деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті