Басқарма хабарлауынша, алдын ала мәліметтерге сәйкес оңтүстік желдету штрегінде ыстану болған.
Шахтада түнгі ауысымның 136 адамы болған. Кеншілердің барлығы да эвакуацияланған. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Төтенше жағдайдың салдарын жоюға 56 адам мен 10 техника жұмылдырылған. Оның ішінде 25 адам мен 6 техника ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Көмір» РМҚК тиесілі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті