Оңтүстік Қазақстан облысында зейнетақы төлеу бөлімінің қызметкері мүгедектік жәрдемақысын иеленген - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында зейнетақы төлеу бөлімінің қызметкері мүгедектік жәрдемақысын иеленген

Оңтүстік Қазақстан облысында зейнетақы төлеу бөлімінің қызметкері мүгедектік жәрдемақысын иеленген

Шымкент. 17 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қаржы полициясының қызметкерлері Оңтүстік Қазақстан облысының бір аудандық зейнетақы және мемлекеттік жәрдемақы төлеу бөлімінің бас маманын тұтқындады. Бұл туралы тілшілерге Оңтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыстармен күрес департаменті хабарлады.

  • 17 Наурыз 2008
  • 454
Фото - Caravan.kz

Қаржы полициясы қызметкерлерінің ақпаратына сүйенсек, облыс аудандарының зейнетақы және мемлекеттік жәрдемақы төлеу бөлімінің 44 жастағы бас маманы алдау арқылы мүгедектік бойынша мемлекеттік жәрдемақы алып келген. 2003 жылы осы ауданның тұрғындарының бірі кезекті тіркеуге келіп, мүгедектігін дәлелдемеуі себепті жәрдемақы алу құқынан айрылған.

Аудандық зейнетақы және мемлекеттік жәрдемақы төлеу бөлімінің бас маманы оның құжаттарын өзіне рәсімдеп қана қоймай, «мүгедектікті» 3-ші топтан 1-топқа дейін ауырлатқан. Пошта қызметкерімен ауыз жаласып, 2005 — 2007 жылдары мемлекеттік қызметкер мүгедектік жәрдемақысын алып келген.

Зейнетақы төлеу бөлімінің бас маманы тұтқындалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті