Ақтөбе облысының қаржы полициясы жол полициясының қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысының қаржы полициясы жол полициясының қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғады

Ақтөбе облысының қаржы полициясы жол полициясының қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғады

Ақтөбе. 17 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе қалалық қаржы полициясы жүргізу құқынан айырылған көлік иелеріне болысқан жол полициясының қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Ақтөбе облыстық экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментіне сілтеме жасай отырып.

  • 17 Наурыз 2008
  • 699
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, осы мекеменің баспасөз хатшысы Әнуар Добрашев хабарлағандай, облыстық экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті мына жайтты анықтаған: облыстық ІІД Жол полициясы басқармасының аға инспекторы жергілікті тұрғындардың біріне жүргізу куәлігінсіз көлік басқаруға рұқсат берген. «Солай істей тұра, көлік иесінің Ақтөбе қалалық сотының үкімімен көлік құралын басқару құқынан айрылғанын күдікті жақсы білген», — деді Ә. Добрашев.

Қазіргі уақытта, осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 308 бабы (Билігін немесе лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті