Ақ үйдің жанынан салынып жатқан «М-3» көпірі премьер барған алғашқы нысан болды.
Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаментінің директоры Жанарбек Сүлейменовтың айтуынша, ұзындығы 318 метр болатын 8 қатарлы көпірді «Казмостдорстройсервис» компаниясы салып жатыр.
К. Мәсімов, сондай-ақ тұрғын үй мен кеңсе орындарын қамтитын халықаралық сауда орталығының құрылыс алаңын аралады.
Үкімет басшысы, сонымен бірге, жаңа Конгресс-холлдың, «Солтүстік шұғыласы» тұрғын үй кешенінің, «Шабыт» шығармашылық сарайының, «Қазақ елі» монументінің, «Керуен» сауда-ойын сауық орталығының және «Рамстор» сауда үйінің жанынан салынып жатқан көлік торабының құрылысымен танысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті