«Біз үшін негізгі мәселе — көктем мен жазда инфляцияны тежеу болып отыр. Оны біз көкөніс, жеміс- жидек және басқа да азық-түліктердің бағасын төмендету арқылы жасауымызға болады. Бұл жұмысқа ерекше назар аудару керек «, — деп мәлімдеді К. Мәсімов.
«Әзірге біз осы жылы белгіленген 10% инфляция дәлізінде келе жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыстың шылбырын босатуға болмайды «, — деп атап өтті ол.
Премьер-министр облыс әкімдері мен әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы жетекшілеріне (ӘКК) «көкөніс пен жеміс-жидек саласындағы» жұмысты жандандырып, «азық-түлік бағаларының тұрақты болуын қолдау» саласындағы «жағдайды бақылауда ұстауды» тапсырды.
«Қазір біз мемлекет басшысына және еліміздің халқына инфляцияны тежеу жөнінде берген уәдемізді орындауымыз үшін азық-түлік тобымен жұмыс істеуіміз керек «, — деп атап өтті К. Мәсімов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті