«Еңбекпен түзеу мекемелерінде бағынбаушылық актілерін ұйымдастыратын «заңдағы ұрылар» Грузиядан Алматыға келетіні жөнінде түскен шұғыл ақпаратқа байланысты Алматы қаласының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті мен оңтүстік аймақтық ұйымдасқан қылмыстармен күрес жөніндегі басқармасы қызметкерлері бірлесе отырып өткізген шұғыл іздестіру шаралары барысында 1976 және 1967 жылғы екі Грузия азаматы қолға түсірілді», — деп атап өтті ол.
Б. Қожахметовтың сөздері бойынша, » қолға түскендер заңсыз түрде Алматыда тұрып, ұрылардың идеологиясы мен дәстүрлерін таратқан. Олар Қазақстан территориясындағы қылмыстық топтардың әсер ету салаларын бөлу тізгінді өз қолдарына алып, «ортақ ұрлық -қарлықтан» келіп түсетін қаржыны өз бақылауына алмақшы болған».
«Қолға түсірілгендерге байланысты бұлтартпау шарасы қолданылып, тергеу жұмыстары жүргізілуде «, — деп қорытындылады ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті