Алматы облысында тағы да жалған полицейлер қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында тағы да жалған полицейлер қолға түсті

Алматы облысында тағы да жалған полицейлер қолға түсті

Астана. 17 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысы Қарасай ауданының Жандосов ауылында жол полициясының аға лейтенантының формасын киген жалған полицей тұтқындалды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз брифингінде ҚР ІІМ баспасөз хатшысы Бағдат Қожахметов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі. Баспасөз хатшысы өткен аптада Алматыда жол полициясы қызметкерінің формасын киген жалған полиция қызметкерінің тұтқындалғаны туралы хабарланғанын еске салды.

  • 17 Наурыз 2008
  • 489
Фото - Caravan.kz

«Тағы бір оқиға Алматы облысында туындады. Бір жүргізуші жол полициясының экипажына шағымданып, Алматының маңындағы Жандосов ауылында «Мазда-626″ жеке көлігінде қызметі күдік тудыратын қызметкерлер жұмыс жасап жүргенін айтқан», — деп хабарлады Б. Қожахметов. Оның айтуынша, сол түні көрсетілген жерден полиция қызметкерлері іздеген көліктерін тапқан. Онда үш адам болған. Олардың бірі жол полициясының аға лейтенантының формасында болған. Көлікте болғандардың бірі қашып үлгерген. Қалған екеуін қолға түсірудің сәті түсті.

Баспасөз хатшысының ақпаратына сүйенсек, көлікті тексеру кезінде формалы киімнің заттары, сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің әртүрлі қызметтік құрал-жабдықтары табылып, тәркіленген.

Б. Қожахметов хабарлағандай, тұтқындалғандар Қарасай аудандық ішкі істер органына жеткізілген. Қазір тергеуге дейінгі тексерістер жүргізіліп жатыр.

«Қашып кеткен жалған полицейдің аты-жөні анықталды. Қазір оған іздеу жарияланды», — деп хабарлады ІІМ баспасөз хатшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті