ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Сырдарияда Көксарай контррегуляторын салу орынды деп санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Сырдарияда Көксарай контррегуляторын салу орынды деп санайды

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Сырдарияда Көксарай контррегуляторын салу орынды деп санайды

Астана. 18 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Сырдарияда Көксарай контррегуляторын салу орынды деп санайды. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі су ресурстары комитетінің төрағасы Анатолий Рябцев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 18 Наурыз 2008
  • 360
Фото - Caravan.kz

«Сырдарияда қазір қалыптасқан су режимі тығырықтан шығудың екі жолын меңзейді : біз не Көксарай контрурегуляторын салуымыз керек, немесе, көршілес елдермен арадағы проблеманы шешудің тиімді жолын табуымыз керек, яғни, Тоқтағұл су қоймалары каскадын 90-шы жылға дейінгі ирригациялық режимге көшіруіміз керек», — деді А. Рябцев.

«1995 жылдан бері біз трансшекаралық өзенді пайдалану тәртібі жөнінде көршілес елдермен келіссөздерде тығырықтан шыға алмай келеміз», — деді ол. «Бүгінгі күні жағдай өзгеріп қана қоймай, ушығып барады, сол себепті біз контррегуляторды салу мәселесін қарастыруымыз қажет», — деді А. Рябцев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті