Астанада жиналмаған салық аударымдары 7 млрд теңгеден асты - Астана прокуратурасы - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жиналмаған салық аударымдары 7 млрд теңгеден асты - Астана прокуратурасы

Астанада жиналмаған салық аударымдары 7 млрд теңгеден асты - Астана прокуратурасы

Астана. 19 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Астанада жиналмаған салық аударымдары 7 млрд теңгеден асты. Бұл туралы бүгін Астана прокуратурасының кеңейтілген алқа мәжілісінде қала прокурорының бірінші орынбасары Мұрат Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 19 Наурыз 2008
  • 443
Фото - Caravan.kz

«Салық заңнамасының орындалуына жүргізілген тексерулер нәтижесі осы саладағы күрделі заң бұзушылықтарды айқындап берді. Бізді әсіресе Астанада жиналмаған салық аударымдары 7 млрд теңгеден асуы алаңдатады», — деді М. Ахметов.

Оның нақыталуынша, прокуратураның тексеруі барысында салық аударымдары бойынша 2,3 млрд теңге 2007 жылдың қорытындысы бойынша жиналмай қалғаны анықталды.

«Астана бюджетіне 2007 жылғы салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің түсімдерінің болжамы 97%-ға орындалды, яғни, 77,2 млрд теңге түсім болжанып, 74,9 млрд теңге түсті», -деді прокурор орынбасары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті