Алматыда сәуірдің 24 - 25 жұлдызында жетінші Еуразиялық медиафорум өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда сәуірдің 24 - 25 жұлдызында жетінші Еуразиялық медиафорум өтеді

Алматыда сәуірдің 24 - 25 жұлдызында жетінші Еуразиялық медиафорум өтеді

Алматы. 19 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда сәуірдің 24 - 25 жұлдызында жетінші Еуразиялық медиафорум өтеді. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында форумды ұйымдастырушылар мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 19 Наурыз 2008
  • 543
Фото - Caravan.kz

Еуразиялық медиафорумның бас продюсері Владимир Рерихтің айтуынша, екі күндік бас қосу барысында қазіргі уақыттағы өзекті проблемалар, атап айтқанда, «Мойындалмаған мемлекеттер, Косовоның үлгісінде мемлекеттердің өзін-өзі тәуелсіз мемлекет деп жариялауы» мен «Екінші қырғиқабақ соғысқа Дежа вю» тақырыптары талқыланады.

«Жер бетінде өзіміз бақылап отырған саяси сан алуан құбылыстардың арасынан форум ұйымдастырушылардың пікірінше, ең бастысы жаңа қырғиқабақ соғыстың жақындап келе жатқан елесін сезіну маңыздырақ болмақ. Мен оны сезімге, елеске балаймын, бағдарламада «Екінші қырғиқабақ соғысқа Дежа вю» деп лайықты атауы да берілген», -деді В. Рерих.

Оның пікірінше, осы құбылыстың тақау екеніне бірқатар саяси оқиғалар куә. «Бұл — халықаралақ өмірдегі бірегей құбылыс — Косовоның өзін-өзі тәуелсіз мемлекет деп жариялауы, бұл — Литвиненконың өліміне, Луговойға айып тағылуына және оны Ұлыбританиялық әділеттілік жүйесінің алдына әкелуді талап етуге байланысты бітеу жарадан Ресей мен Батыстың арасындағы шиеленістің шұғыл ушығып кетуі. Бұл — Солтүстік Атлантикалық альянстың тоқтаусыз қанат жаюы. Шын мәнінде, Германиядағы қабырға құлаған кезде Батыс Шығысқа қарай қадам баспайды деген «ер жігіттің сөзі» берілгенін бәріміз білеміз», — деді В. Рерих.

Форум талқысына ұсынылатын басқа да тақырыптардың арасында «Әлемдік қаржы жүйесінің дағдарысы кезіндегі БАҚ ролі», «Сайлаулардан кейінгі АҚШ-Ресей қарым-қатынасы», «Посткеңестік кеңістіктегі көшбасшылар кімдер», «Санаткерлік меншік құқықтарын сақтау мәселелері», «Ғаламдық күн райының жылыну қаупін жария ету проблемалары» бар.

В. Рерихтің айтуынша, форум «Саясаттағы Гламур және Гламур саясаты» атты тақырыппен аяқталады. Бұл тақырып «Николя Саркози — гламурлы президент» деген атаумен жоспарланып отыр», -деді форумның бас продюсері.

Шараны ұйымдастырушылардың мәліметінше, жетінші Еуразиялық медиафоруға 450 делегат, соның ішінде 150 шетелдік қатысушы келмекші. Форумда сөз сөйлейтін шешуші спикерлердің арасында Збигнев Бжезински мен Беназир Бхуттоның сіңлісі Фатима Бхутто бар, деп хабарлады ұйымдастырушылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті