Алматыда тұрғындардың сатып алу мүмкіндігі төмендеді - басылым - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда тұрғындардың сатып алу мүмкіндігі төмендеді - басылым

Алматыда тұрғындардың сатып алу мүмкіндігі төмендеді - басылым

Алматы. 19 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда тұрғындардың сатып алу мүмкіндігі төмендегеніне орай, сауда орталықтары үлкен жеңілдіктер жасауға мәжбүр, деп хабарлайды агенттік "Литер" газетінде жарыққа шыққан "Ценовой порок" мақаласына сілтеме жасап.

  • 19 Наурыз 2008
  • 512
Фото - Caravan.kz

«Жыл басынан бері ірі сауда орталықтары мен қымбат тауарларды сататын бутиктерде ірі көлемде жеңілдіктер мен сатылымдар ұйымдастыруда. Ал соңғы екі айда жеңілдіктер «50 ден 70 пайзыға дейін ұлғайды». Бұл бастапқыда бағалар көтеріліп кейін төмендетілген бұрынғыдай жалған жарнамалар емес», -деп жазады басылым.

Мақала авторының пікірінше, «Мұндай жағдай сауда орталықтары үшін бұрын болмаған үрдіс. Бұл керісінше, амалсыздан жасалып отырған шара. Тұрғындардың сатып алу мүмкіндігі күрт төмендеп барады, ал сауда орындарының иелері өздерінің тауарларының сатылмай сақталып қалуынан қауіптенеді

«2007 жылы инфляция деңгейі болжамданған деңгейден асып кетті, бағалар қызмет көрсетудің барлық түрлері мен тауарларға өсті. Банктер несие бойынша ставкаларын ұлғайтып, қарыз алушылар үшін талаптарды қатайтты. Тұрғындардың азық-түлікке, коммуналдық қызмет төлемдері бойынша шығындары ұлғайғандықтан, олар киім-кешек және тағы да басқа қажетті тауарларына ақшасын үнемдей бастады «.

«Қазір қымбат дүкендердің иелері маркетингтің негіздерін зерттеп түрлі амалдармен тұтынушыларды тартпақшы «, — деп есептейді мақала авторы.

Соған дәлел ретінде ол Қазақстанның бір косметикалық компаниясының маркетинг бөлімінің қызметкері Павел Бровкиннің сөздерін келтірген: «Дүкендер клиенттермен түрлі дәрежеде байланыс орнатуды үйренуде: тапсырыс беру жүйесі, сауда посылкасы, тізімдеме бойынша сауда, соның ішінде компьютерлік саудасы да бар. Тіпті тұтынушыларға қызмет көрсету сапасы артты».

«Тұтынушылар үшін күрес, қарапайым жұмыс орындарын сақтап қалу үшін жүргізілуде «, — делінген мақалада.

Газеттің пікірінше, «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ақпан айының ортасында шағын және орта бизнес нысандарын тексеруге мораторий жариялау жөнінде жарлығы дара нарығының жағдайын жеңілдетеді».

Сонымен қатар, жағдайды екінші деңгейдегі банктер шиеленістіруі мүмкін. Олар бұдан бұрын берілген несиелерді қайта қараулары мүмкін, деп ескертеді «Литер».

«Сыртқы қарыздарын қайтару мерзімінің таяп қалғанына орай, кейбір банктер бизнесмендерге бұдан бұрын алынған несиелерді ертерек қайтаруды немесе, пайыздық ставканы ұлғайту жөнінде келісім-шартын қайта жасау жөнінде ұсыныстарын жасауда . Бұл жағдайда кәсіпкерлер өздерінің тауарларын төмен бағамен сатуға мәжбүр», — деп түсіндірді автор.

«Литер» авторының пікірінше, болашақта «тауарлардың тапшылығы болуы мүмкін, ал жұмыс орындарының қысқартылуы жөнінде әңгімені қозғамауға да болады «.

Естеріңізге сала кетсек, 2007 жылдың тамызында Қазақстанда басталған банктердің дағдарысы Америкадағы ипотекалық дағдарысынан туындаған. «Караван» газетінде жарыққа шыққан мақаласында (2007 ж.№3 24 Тамыз) Қазақстанның Ұлттық банк төрағасы Әнуар Сәйденовтың пікірі келтірілген. «Дамушы елдер үшін халықаралық қаржы нарықтарында қарыз алу жағдайлары нашарлауда. Ал біздің банктер соңғы уақытта көп көлемде несие алған. Ал бұл біздің банк активтерінің қарқынды дамуының негізгі қайнар көздерінің бірі болған және несиелендіру активтердің басымдық бөлігі болған».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті