ШҚО мен РФ Тюмень облысы арасында серіктестік қатынастар орнату жөнінде меморандумға қол қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО мен РФ Тюмень облысы арасында серіктестік қатынастар орнату жөнінде меморандумға қол қойылды

ШҚО мен РФ Тюмень облысы арасында серіктестік қатынастар орнату жөнінде меморандумға қол қойылды

Өскемен. 19 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысы мен Ресей Федерациясының Тюмень облысы арасында серіктестік қатынастар орнату жөнінде меморандумға қол қойылды. Бұл туралы агенттік тілшісіне ШҚО баспасөз қызметі хабарлады.

  • 19 Наурыз 2008
  • 596
Фото - Caravan.kz

Тюмень облысының губернаторы Виктор Кресс бастаған ресми делегация 18 наурызда Шығыс Қазақстанға келді.

«Бүгін В. Кресс ШҚО әкімі Жәнібек Кәрібжановпен кездесті. Кездесу кезінде екі жақтың басшылары Шығыс Қазақстан облысы мен Ресей Федерациясының Тюмень облысы арасында серіктестік қатынастарын орнату жөнінде меморандумға қол қойылды «, — деп хабарлады баспасөз қызметі.

«Бұл құжат муниципалды қызметкерлерді қайта оқыту, кәсіби дайындығын шыңдау, бұқаралық ақпарат құралдары, спорт, туризм, отбасы мен жастар саласы, мәдениет және тарихи мұраны сақтау, білім беру және ғылым салалары бойынша ынтымақтастықты қарастырады. Ведомствода айтқанындай, облыс басшылары мен басқа да органдардың жетекшілері арасында жүйелі қарым қатынастар орнатылып, делегациялармен алмасу, екі жақты ынтымақтастық және кеңестер жүргізу, келіссөздер және басқа да екі жаққа тиімді мәселелер бойынша байланыс жасау жоспарланған.

Баспасөз қызмет хабарлағанындай, меморандумды орындау аясында екі мемлекет тұрғындарының арасындағы түсіністікке бағытталған түрлі жобаларды қолдау, жергілікі билік органдары арасындағы байланыстарды дамыту, түрлі мемлекеттік емес ұйымдардың ынтымақтастығы жөнінде бастамаларын құптау, оларға көмек көрсету көзделген. Әкімдіктің ақпараты бойынша, меморандум 5 жыл жұмыс істейді.

Бүгін екі аймақтың басшылары Шығыс Қазақстан облысы кәсіпорындарының көрмесін аралап, «Алтай» технопаркі мен «Азия-Авто» АҚ жұмысымен танысады.

Сапар конференция жұмысымен аяқталып, оның аясында Тюмень облысы кәсіпорындарының сауда -экономикалық жағдайы таныстырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті