Астана прокуратурасы салық органдарына ҚҚС қайтарып алу мерзіміне байланысты заңнамалық өзгерістерге бастамашы болуға кеңес беріп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана прокуратурасы салық органдарына ҚҚС қайтарып алу мерзіміне байланысты заңнамалық өзгерістерге бастамашы болуға кеңес беріп отыр

Астана прокуратурасы салық органдарына ҚҚС қайтарып алу мерзіміне байланысты заңнамалық өзгерістерге бастамашы болуға кеңес беріп отыр

Астана. 19 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Астана прокуратурасы салық органдарына қосымша құн салығы (ҚҚС) қайтарып алу мерзімінің артуына байланысты заңнамалық өзгерістерге бастамашы болуға кеңес беріп отыр. Бүгін Астана прокуратурасының алқа мүшелерінің кеңейтілген отырысы барысында Астана прокурорының орынбасары Мұрат Мұхамбетқазы осындай кеңес берді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 20 Наурыз 2008
  • 564
Фото - Caravan.kz

«Сіздердің ҚҚС қайтарып алуға байланысты проблемаларыңыз түсінікті. Соған қарамастан заңдық талап бар: арыз берген күннен бастап 60 күн ішінде салық қайтуы тиіс. Сондықтан да заңдық деңгейде өзгерістер енгізілу үшін тек сіздер ғана емес, барлық өңірлік салық органдары өздеріңіздің орталық аппараттарыңызбен арадағы жұмыстың белсенділігін арттыру қажет секілді», — деді М. Мұхамбетқазы Астана қалалық Салық комитетінің төрағасы Амангелді Еңсегеновқа қаратып айтқан сөзінде.

«Мәселе мынада, нөлдік мөлшерлеме бойынша алынатын ҚҚС-ың алу ережесінің өзгеруіне байланысты ҚҚС қайтарып алу туралы арыз бойынша тексерулер өткен жылдың басында тоқтатылған еді. Кейіннен олар қайта қалпына келтірілді. Әрине, өтеу мерзімі бұзылды», — деп түсіндірді А. Еңсегенов.

«Заңмен бекітілген 60 жұмыс күні ішінде нөлдік мөлшерлемені ұлттық компаниялар бойынша қайтарып алу мүмкін емес деген мәселені барлық деңгейлерде және сан қайтара қойып келеміз. Себебі, айталық, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-нан қайтару туралы арыз келіп түскенде бүкіл республика бойынша орналасқан құрылымдық 179 бөлімшеге тақырыптық тексеру жүргізуді және қарсы тексеру жүргізуге мыңнан астам сұрау салуды ұйымдастыру қажет болады. Мұндай жағдайда іс жүзінде мерзімінде аяқтау мүмкін болмай қалады. Біз осы жайт жөнінде орталық аппаратты үнемі хабардар етіп отырамыз», — деп мәлімдеді А. Еңсегенов. «Бір де бір ұлттық компания 60 күн ішінде қайтарып ала алмайды», — дегенге ол сенімді. Алқа отырысының негізгі баяндамасы барысында қалалық прокуратураның мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын қадағалау басқармасы бастығының орынбасары Тәжиден Найманов: «Астананың салық органдары өткен жылы қайтарған ҚҚС сомасының барлығы да бекітілген 60 күн мерзімін бұза отырып іске асырылған»,- деді.

Оның мәліметтеріне жүгінсек, нөлдік мөлшерлеме бойынша салынған ҚҚС-ның 26 млрд теңгеден астам сомасын елорданың салық органдары2007 жылы қайтарып берген. «Салық кодексінің 252- бабы 4-тармағына сәйкес, осы бапқа сәйкес бекітілген, алайда, белгіленген мерзімде қайтарылмаған ҚҚС сомасына қайтару мерзімі бұзылған әрбір күнге Ұлттық банк белгілеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесінен екі есе көп көлемдегі өсімпұл тағайындалады. Бұған дейін кәсіпкерлік субъектілерінің өз құқықтарын қорғауда берік тұғырнамада болмауы ғана мемлекеттік бюджетке айтарлықтай материалдық шығын келтірмеуге мүмкіндік беріп келген», — деп есептейді прокуратура өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті