Парламент Қазақстан мен Армения арасындағы азаматтардың өзара жүріп-тұруы туралы келісімді ратификациялады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент Қазақстан мен Армения арасындағы азаматтардың өзара жүріп-тұруы туралы келісімді ратификациялады

Парламент Қазақстан мен Армения арасындағы азаматтардың өзара жүріп-тұруы туралы келісімді ратификациялады

Астана. 20 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін парламент сенатының жалпы отырысында депутаттар ""Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасының үкіметтері арасындағы азаматтардың өзара жүріп-тұруы туралы келісімді бекіту туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі

  • 20 Наурыз 2008
  • 356
Фото - Caravan.kz

Сөйтіп, заң парламентпен қабылданып мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, келісімде бір мемлекет азаматтарының шетелге шығуға қажетті құжаттардың негізінде екінші мемлекеттің аумағына келу, транзитті жүріп өту, келген елдің мемлекеттік шекарасынан өткен сәттен бастап 90 күннің ішінде сол елдің аумағында болу құқықтары белгіленген.

Келісім екі мемлекет те мойындаған жүру құжаттарының тізімін, визасыз кіріп-шығу ережелерін, мемлекеттік шекарадан транзитті жүріп өту тәртіптерін айқындайды.

Келісімге Астанада 2006 жылдың 6 қарашасында қол қойылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті