«Біз Орталық Азиядағы өз әріптестерімізді су-энергетикалық консорциум құру қажеттігіне иландыра түсетін боламыз», — деп мәлімдеді Ө. Шүкеев.
Оның айтуынша, «2006 жылдан бастап ЕурАзЭҚ аясында Орталық Азия өңірі елдерінің Сырдария және Амудария өзендерінің су-энергетикалық ресурстарын пайдалану бойынша ұстанымын келісу жұмыстары жүргізілуде».
«Алайда тараптар бүгінгі күнге дейін тіпті су-энергетикалық консорциумның тұжырымдамасының жобасын да келіскен жоқ. Соған байланысты ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің шешімімен тұжырымдаманың жолбасы бойынша жұмыстарды халықаралық тәуелсіз сарапшыларды шақыра отырып одан әрі жалғастыру тапсырылды», — деді Ө. Шүкеев.
Вице-премьер : «үкіметтің отырысында осы мәселені біз Көксарайды саламыз ба, әлде жоқ па дегенге байланыссыз одан әрі жалғастыра беруге шешім қабылданды»,- деді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті