ҚР табиғатты қорғау ведомствосы мен ENI компаниясы тұрақты даму саласындағы жобаларды бірлесіп жүзеге асыратын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР табиғатты қорғау ведомствосы мен ENI компаниясы тұрақты даму саласындағы жобаларды бірлесіп жүзеге асыратын болды

ҚР табиғатты қорғау ведомствосы мен ENI компаниясы тұрақты даму саласындағы жобаларды бірлесіп жүзеге асыратын болды

Астана. 20 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов "Қашаған" жобасының операторы болып отырған ENI компаниясының жетекшілерімен келіссөздер жүргізді. Бұл туралы агентікке ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

  • 20 Наурыз 2008
  • 613
Фото - Caravan.kz

«Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен өткен жылдың ортасында «Аджип ККО» қойылған талаптарды және ҚР ауыл шаруашылық министрлігі тарапынан көтерілген мәселерді қазірге кезде компания қолға алып, орындап жатыр», — деп айтылған баспасөз хатында. Ауыл шаруашылық министрлігінің ақпараты бойынша бүгінгі кезде балық шаруашылығы комитеті мен «Аджип ККО» компаниясы арасында балық ресурстарына келтірілген шығындарға қатысты мәселелер түйіні шешіліп, өзара түсіністік жөнінде меморандумына қол қойылды.

Таратылған баспасөз хатында айтылғанындай, күкіртті сақтау және пайдалану мәселесі бойынша қоршаған ортаны қорғау министрлігі, энергетика және минералды ресурстар министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы өкілдерінің қатысуымен жиналыс өткізіліп, онда күкіртті басқару стратегиясы, ауыл шаруашылық саласында оны пайдалану сияқты жаңғартылған маркетинг жоспары талқыланды. Жиналыс барысында білдірілген пікірлер мен ұсыныстар айтылған құжаттарды толық дайындау кезінде ескеріліп, ресми түрде мемлекеттік органдарға тапсырылатын болады, деді баспасөз қызметінде.

Берілген ақпаратқа сәйкес, құрамында күкірті бар газды өңдеу және күкіртті сақтау жұмыстары Қашаған кен орнын тәжірибелік игеру кезеңінде ғана орындалады. Ал келесі кен орнын игеру кезеңінде күкірт сутегі жер қатпарларына 100 пайыз көлемінде қайта жіберілетін болады.

ENI компаниясының өндірістік бас директоры Стефано Као Қазақстанның табиғатты қорғайтын ведомствосымен бірлесе отырып тұрақты даму саласындағы жобаларды жүзеге асыру жөнінде жасаған ұсынысы министрлік тарапынан қолдау тапты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті