«Зақымданған тізе, ұршық және шынтақ буындарын жасанды буынға ауыстыру коксартрозбен ауратын адамдарға қалыпты әрі толыққанды өмірге оралуға мүмкіндік береді», — деді М. Шайдаров.
Департамент директорының хабарлауынша, таяу уақыттарда Германияда өндірілген 80 протез (40 — цементті және 40 — цементсіз) сатып алынады.
Қарағанды облыстық денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, бүгінгі күні 600 жуық адам осындай операцияға мұқтаж.
«Алдағы 2 — 3 жылда барлық мұқтаж жандар жасанды буын салғызады», — деді М. Шайдаров.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті