«Нашақорлықпен күрес біз үшін ең басты бағыт болып отыр. Бүгінгі кезде 90 қылмыс әшкереленіп, оның 85 қатысты қылмыстық іс қозғалып, бес адам әкімшілік жауапқа тартылып, 5 келісі героин болған 15 келі есірткі заты тәркіленді», — деді Х. Досқалиев.
Генералдың айтуынша, екінші негізгі мәселеге, жасөспірімдердің қылмыстарына қарсы күрес жатады, ал оның жұмысын мектептегі криминалдық топтарын анықтаудан бастау керек.
«Мен бүгін таңертең қоғамдық қауіпсіздік қызметкерлері алдында үлкен міндет қойдым. Олар бүгіннен бастап барлық орта білім беру оқу орындары мен мектептерге назарын аударып, он күннің ішінде осымен айналысатын адамдарды анықтаулары тиіс «, -деді Х. Досқалиев.
ОҚО ІІД бастығы сондай-ақ журналистерді өз еркімен қару жарақ тапсыру компаниясының жүргізілуі жөнінде құлағдар етті. Полицияның мәліметтері бойынша азаматтардан қару-жарақ тапсыру жөнінде 313 арыз келіп түсті. 336 бірлік қару қабылданып, оның 79 кезік және 257 тегіс оқпанды қару, сондай-ақ 500 ден аса оқ тапсырылды. Комиссияның ұйғарымымен қаруларды сатып алу жөнінде 182 шешім қабылданды. Оларды сатып алудың қаржы көлемі 6,7 млн теңгені құраса, 1,2 млн азаматтарға төленді.
Х. Досқалиев атап өткеніндей, өз еркімен қаруды тапсырумен қатар, мәжбүрлеп тәркілеу жұмыстары да жүргізілуде. Оның сөздері бойынша, акция жарияланғаннан кейін, ОҚО тұрғындарының 240 қару мен жарылғыш заттар мәжбүрлеп тәркіленді.
Баспасөз мәслихатында генерал полиция қатарында кездесетін сыбайлас жемқорлық мәселесін көтерді. Ол атап өткеніндей, арнайы сараптамалық жұмыстар жүргізіліп, сол бойынша департамент адал жұмыс жасамайтын полиция қызметкерлерін жұмыстан шығарады. Х. Досқалиевтың ақпараты бойынша, жақын уақытта өткен жылы қылмыстарды ашу көрсеткіші ең төмен болған Бәйдібек АІІД қатысты шаралар қолданылатын болады.
ОҚО ІІД мәліметтері бойынша, аймақта былтырғы жылмен сәйкестендіргенде қылмыстық көрсеткіш екі айдың ішінде 19,7% көтерілді. Екі айдың ішінде 1256 қылмыс жасалды, бұл өткен жылдан 20 пайызға жоғары болып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті