Хаттамаға Алтай аймағының губернаторы Александр Карлин және Павлодар облысының әкімі Қайрат Нүрпейісов қол қоятын болады.
Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, келіссөздер аясында шегара аймақтарының басшылары ақпараттық алмасу, мәдениет, ауыл шаруашылық, сәулет және құрылыс, ғылым, өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселесін талқылайды.
Екі жақ Павлодар облысына «Алтайхимпром», «Бийский олеумный завод», «Сибэнергомаш», «Алтай-кокс» кәсіпорындарының өнімдерін жеткізу мәселесін қарастырады. Аймақтар құрылыс саласындағы инновациялар мен тәжірибе алмасу, құрылыс материалдарын жеткізу көлемін ұлғайту жағынан мүдделік танытып отыр.
Сонымен қатар, аймақтар бір-бірінің туристік өнімдерін таратып, туристік ұйымдар арасындағы іскерлік байланыстарын дамытуды көздеуде.
Мәселен, Павлодар облысының тұрғындарын Алтай аймағындағы «Белокуриха», «Обь», «Барнаульский», «Рассветы над Бией» сияқты сауықтыру санаторилері мен курорттарында емдеу мәселесі де қарастыралатын болады. Сондай-ақ, Алтай мен Павлодар аймақтарындағы өндірісшілер бір біріне қажетті әрі тиімді тауарларын тікелей жеткізу механизмдері талқыланады.
Бас қосуда сонымен қатар 2008-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы аймақтарының шегара ынтымақтастығы бағдарламасының шараларын орындау барысы талқыланады.
Баспасөз қызметінде атап өткеніндей, Алтай аймағында Қазақстан негізгі сыртқы сауда серіктесі болып отыр. 2007 жылы Қазақстан Республикасының Алтай аймағы бойынша жасаған сауда-саттық айналымының салмағы- 31,6% құрады. Тауар айналымы 16,1% -ға жетіп $440 млн асты. Ал Алтай тауарларының экспорт көлемі ( $300 млн) 35,6% ұлғайды. Өткен 2007 жылы аймақтың 9 кәсіпорынның сауда экономикалық миссиясы Павлодар, Астана, Қарағанды қалаларында ойдағыдай өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті