«Бұлар бар болғаны екі жыл жұмыс істеген жас лейтенанттар. Олардың бірі — шұғыл уәкілетті, ал екіншісі — Шұғыл басқару орталығында жұмыс істеген. Оларды героин сатып жатқан жерлерінде тұтқындады», — деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі подполковник Салтанат Қаракөзова.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, қазіргі уақытта тұтқындалғандарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 259-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер облыстық ҰҚК департаментінің тергеу изоляторына қамалды. Тергеу жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті