ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі елдегі астық түсімін орташа көрсеткіштер деңгейінде болады деп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі елдегі астық түсімін орташа көрсеткіштер деңгейінде болады деп отыр

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі елдегі астық түсімін орташа көрсеткіштер деңгейінде болады деп отыр

Астана. 20 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі 2008 жылы елдегі астық түсімін соңғы бес жылдағы орташа көрсеткіштер деңгейінде болады деп отыр. Бұл туралы бүгін тілшілерге берген сұхбатында ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің фитосанитарлық қауіпсіздік және егін шаруашылығы департаментінің директоры Анна Буць мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 20 Наурыз 2008
  • 491
Фото - Caravan.kz

«ҚазАгроИнновация» алдағы астық түсіміне болжам жасау бойынша өз институттарымен әлі де жұмыс жасап жатыр. Оның үстіне, алдағы маусымға арналған ауа-райы туралы «Қазгидромет» мәліметтері әлі алынған жоқ», — деді А. Буць.

«Алайда, жалпы алғанда, астық түсімі соңғы бес жылдағы орташа көрсеткіштер деңгейінде болады деп болжап отырмыз», — деп толықтырды ол.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 2007 жылы Қазақстанда астық түсімінің таза салмағы 20,1 млн тоннаны құраған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті