Қарағанды облысының сауда өндірістік палатасы мен Абу -Даби арасында өзара түсіністік жөнінде меморандумға қол қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысының сауда өндірістік палатасы мен Абу -Даби арасында өзара түсіністік жөнінде меморандумға қол қойылды

Қарағанды облысының сауда өндірістік палатасы мен Абу -Даби арасында өзара түсіністік жөнінде меморандумға қол қойылды

Астана. 20 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысының сауда өндірістік палатасы мен Абу -Даби арасында өзара түсіністік жөнінде меморандумға қол қойылды. Бұл туралы агенттікке ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінде хабарлады.

  • 20 Наурыз 2008
  • 603
Фото - Caravan.kz

ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлағанындай, 19 — 20 наурызда Қарағанды облысының делегациясын бастап барған Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматуллин, ірі кәсіпорын басшылары, облыстық сауда өндірістік палатасы мен кәсіпкерлері Біріккен Араб Әмірліктеріне барып, Абу -Даби әмірлігінде бірқатар кездесулерді өткізді.

» Абу -Даби әмірлігінің сауда-өндірістік палатасының басшысы Салах Салем аш-Шамиси атап өткеніндей, Қазақстан мен БАӘ арасындағы сауда-экономикалық қарым қатынастар жылдан жылға дамуда. Бұған екі мемлекет басшыларының жиі кездесулері және жуырда ғана болған Қазақстан Республикасының СӨП делегациясының сапары дәлел бола алады», — деп жазылған СІМ баспасөз хатында.

Кездесу нәтижесінде Қарағанды облысының сауда өндірістік палатасы мен Абу -Даби арасында өзара түсіністік жөнінде меморандумға қол қойылды

Сонымен қатар, екі елдің кәсіпкерлері тиімді салалар бойынша қарым қатынас жасау мәселелері бойынша келіссөздерін өткізді «, -деп атап өтті хабарламады.

Кездесу кезінде, сонымен қатар Абу-Даби әмірлігінде экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры Насер Ас-Суейдимен экономика саласындағы түрлі секторлар бойынша екі жақты ынтымақтастық жасау мәселелері талқыланды. Қарағандының облыс әкімі Насер Ас-Суейдиді жақын айларда Қарағандыда өтетін халықаралық инвестициялық форумына қатысуға шақырды. Абу-Даби әмірлігінің экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры бұл шақыруды ризашылықпен қабылдап, форумның ойдағыдай өтетініне сенімділігін білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті