Қазақстанда нан бағасының қымбаттауына қазір негіз жоқ - "Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы" - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда нан бағасының қымбаттауына қазір негіз жоқ - "Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы"

Қазақстанда нан бағасының қымбаттауына қазір негіз жоқ - "Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы"

Астана. 20 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда нан бағасының қымбаттауына қазір негіз жоқ. Бүгін өткен баспасөз мәслихатында "Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның вице-президенті Александр Солюлев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 20 Наурыз 2008
  • 604
Фото - Caravan.kz

«Бүгінгі күні түсім жиналған соң құрылған тұрақтандыру қорынан (176 мың тонна) небәрі 30 мың тоннасы жұмсалды. Тұрақтандыру қорының басым бөлігі ресурста сақтаулы және ол өңірлерге қол қойылған келісімдерге, меморандумдарға сәйкес беріледі», — деді А. Солюлев.

«Қазақстанда нан бағасының қымбаттауына қазір негіз жоқ», — деді ол.

«Кейінгі екі аптада меморандумдарға сәйкес, өңірлермен мәмілеге сәйкес астық босатылып келген бағалар өзгеріссіз қалды, меморандумдарға сай уағдаластықтарды орындау жөніндегі барлық бағдарламалар орындалды, осы мәмілелерге сәйкес өңірлерге жеткізілуге тиіс астық пен ұн жеткізілуде, сондай-ақ, батыс өңірлерге де», -деді АҚ вице-президенті.

«Егер қандайбір жерде баға қымбаттау оқиғасы болса, онда ол тиісті ұйымдармен қол қойылған меморандумнан ауытқу деген сөз. Бұның бәрі бақылауда болмақ», -деді ол.

Өз кезегінде ҚР ауылшаруашылығы вице-министрі Ақылбек Күрішбаев бағаны тұрақтандыру жөніндегі меморандумдарға қол қойылған кезде еліміздің астық нарығында өткен күзде «астық бағасының бір тоннасы $220 — 250 аралығында болғанын» жеткізді. «Ал қазір әлемдік баға өсе түсуде, ол біршама өсті. Тиісінше республика ішінде баға өсе түсуде», — деді ол.

«Салыстыра айтар болсақ, бүгін Қара теңіз айлақтарында 3 класты астықтың бір тоннасы $450 құрайды. Ал біздің астық компанияларымыз астықты қырмандарға бір тоннасы $300 тұрақты бағаға сатуда. Яғни, қабылданған шараның арқасында бүгінде бізде астық пен нан бағасы басқа елдермен салыстырғанда тұрақты», — деді вице-министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті