Қазақстан Республикасы президенті жанындағы азаматтық беру мәселелері жөніндегі Комиссиясының отырысы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Республикасы президенті жанындағы азаматтық беру мәселелері жөніндегі Комиссиясының отырысы өтті

Қазақстан Республикасы президенті жанындағы азаматтық беру мәселелері жөніндегі Комиссиясының отырысы өтті

Астана. 20 наурыз. "Қазақтан Бүгін" - Бүгін "Ақорда" резиденциясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының президенті жанындағы азаматтық беру мәселесі жөніндегі Комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды агенттік президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 20 Наурыз 2008
  • 433
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, материалдарды қарау негізінде комиссия әр елден келген 28 мың адамға Қазақстан азаматтығын беру туралы мемлекет басшысына ұсыныс енгізді.

Комиссия төрағасы Қ. Саудабаев атап өткеніндей, «мемлекет тәуелсіздік алғалы ТМД мен алыс шетелден келген жарты миллион адамға Қазақстан азаматтығы берілді. Түрлі мемлекеттерден келіп Қазақстан азаматтығын алуға ниет танытып жатқан адамдар санының жылдан жылға өсуі- президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен тәуелсіздік жылдары елімізде қол жеткізілген әлеуметтік экономикалық, қоғамдық саяси жетістіктер, әлем бойынша біздегі тұрақтылық пен татулықты мойындаудың тағы да бір айғағы болса керек. Жаңа қазақстандықтардың бұл қадамы олардың осы жерде өздері мен балалары үшін лайықты бақытты өмір сүретініне сенімділігінің дәлел».

«Наурыз мейрамы қарсаңында біз Қазақстанның жаңа азаматтарына бақыт, ырыс, жаңа Отанында жемісті жұмыс жасауына із ниет білдіреміз. Енді тиісті органдардың міндеті-олардың тез бейімделу мәселесін шұғыл шешу «, — деп атап өтті мемлекеттік хатшы отырыс барысында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті