Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының ханзадасы Әл-Уәлид бен Талал бен Әбдел Әзиз Әл Саудты қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының ханзадасы Әл-Уәлид бен Талал бен Әбдел Әзиз Әл Саудты қабылдады

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының ханзадасы Әл-Уәлид бен Талал бен Әбдел Әзиз Әл Саудты қабылдады

Астана. 20 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін "Кингдом" инвестициялық компаниясының басқарма төрағасы, ханзада Әл-Уәлид бен Талал бен Әбдел Әзиз Әл Саудты қабылдады, деп хабарлайды агенттік президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 21 Наурыз 2008
  • 692
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, әңгіме барысында президент Қазақстан нарығына Сауд Арабиясының іскер топтарын тартуға еліміздің айрықша маңыз беретінін атап өтті. Біздің елдеріміз экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы жан-жақты байланыстарды кеңейту үшін сенімді негіз болатын тығыз саяси үнқатысуды қолдайды.

Баспасөз қызметінің хабарламасында атап көрсетілгеніндей, «шетелдік инвесторлардың қызмет етуіне қолайлы жағдай жасап отырған Қазақстан ұзақ мерзімді жеке капитал салу үшін тартымды орын болып табылады. Мәселен, Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстан аумағында құны миллиардтаған долларды құрайтын ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бұл жетекші араб компаниялары үшін Қазақстанға инвестиция салудың перспективасын айқындайды».

Кездесу барысында Әл-Уәлид бен Талал ханзада Астанада «Фор Сизонс» мейманхана кешені құрылысын салуға немесе осы сауда белгісімен елордада салынып жатқан қонақ үйлердің бірін басқаруға алуға қызығушылық танытты.

«Біз мейманханалық іс пен бизнестің басқа да салаларын инвестициялау үшін Қазақстанға «Сити банк», «Фор Сизонс», «Фэйрмонт» сияқты ірі компанияларды тартуға ниеттіміз. Сонымен қатар, Қазақстан экономикасына Сауд Арабиясының ғана емес, сондай-ақ басқа да араб елдерінің инвестицияларын қатыстыруды жоспарлап отырмыз. Президент Қазақстан экономикасына инвестиция тарту жөніндегі біздің жобаларымыз бен жоспарламызды қолдады», — деді Әл-Уәлид бен Талал ханзада журналистерге арналған брифингте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті