"ТНК Қазхром" АҚ басшылары "Қазақстанның онжылдық тәуелсіздігі " атындағы шахтасында болған жарылыста зардап шеккен жұмысшыға әлеуметтік және медициналық көмек көрсетуге уәде берді. - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"ТНК Қазхром" АҚ басшылары "Қазақстанның онжылдық тәуелсіздігі " атындағы шахтасында болған жарылыста зардап шеккен жұмысшыға әлеуметтік және медициналық көмек көрсетуге уәде берді.

"ТНК Қазхром" АҚ басшылары "Қазақстанның онжылдық тәуелсіздігі " атындағы шахтасында болған жарылыста зардап шеккен жұмысшыға әлеуметтік және медициналық көмек көрсетуге уәде берді.

Ақтөбе. 20 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - "ТНК Қазхром" АҚ басшылары "Қазақстанның онжылдық тәуелсіздігі " атындағы шахтасында болған жарылыста зардап шеккен жұмысшыға әлеуметтік және медициналық көмек көрсетуге уәде берді. Бұл туралы агенттік тілшісіне "ТНК Қазхром" АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Инесса Фадеева хабарлады.

  • 21 Наурыз 2008
  • 562
Фото - Caravan.kz

«Бүгінгі кезде болған оқиғаның себеп салдарын анықтайтын комиссия тағайындалып, оның қорытындысы бойынша көмек көрсетудің көлемі анықталады», — деп атап өтті И. Фадеева. Ол сондай- ақ, «ТНК «Қазхром» АҚ басқармасының төрағасы Виктора Тилдің сөздеріне сілтеме жасай отырып , «зардап шеккенге толық көлемде медициналық және әлеуметтік көмек көрсетіледі»деп айтты.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, биылғы жылдың 18 наурызында «Қазақстанның онжылдық тәуелсіздігі » атындағы шахтасының забойында жүргізілген жарылыс жұмыстары кезінде 12 сағат 30 минутта шахта-құрылыс цехының жарылыс жасаушысы 49 жасар Юрий Кихтенко жарақаттанды.

Бүгінгі кезде екі көзі жарақаттанған жұмысшы облыстық ауруханада жатыр. Оның денсаулығы қанағаттанарлық жағдайда деп бағалануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті