Шымкентте көліктің газ құбырына соқтыққандығынан жеке секторда тұратын 895 пайдаланушы көгілдір отынсыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте көліктің газ құбырына соқтыққандығынан жеке секторда тұратын 895 пайдаланушы көгілдір отынсыз қалды

Шымкентте көліктің газ құбырына соқтыққандығынан жеке секторда тұратын 895 пайдаланушы көгілдір отынсыз қалды

Астана. 21 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте көліктің газ құбырына соқтыққандығынан жеке секторда тұратын 895 пайдаланушы абонент көгілдір отынсыз қалды, деп хабарлайды агенттік ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 21 Наурыз 2008
  • 384
Фото - Caravan.kz

«Шымкентте 20 наурызда 23 сағат 45 минутта «Қазтрансгаз-Аймақ» апатты-диспетчерлік қызметінің кезекшісінен «Тойота-Камри» көлігінің 89 және 86диаметрлі орта қысымды газ құбырына ұрынғандығы жөнінде хабары келіп түсті. Соның салдарынан 21 шкафтық тарату пункті өшіріліп, 895 пайдаланушы көгілдір отынсыз қалды», — деп түсіндірді ТЖМ.

«Қазтрансгаз-Аймақ»АҚ апатты жағдайларды жою бригадасымен қалпына келтіру- жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оған 11 адам және бір техника жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті