«Нұр Отан» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық фракциясына жетекшілік жасайтын 62 жастағы Қизатов атындағы Есіл ауыл шаруашылығы колледжінің директоры Қайырлы Ыдырысов жаңа хатшы болып сайланды.
Депутаттар облыстық мәслихаттың бұрынғы хатшысы Сапарбек Құнанбаевты қызметтік жағдайын пайдалана отырып мемлекеттік тұрғын үй қорынан бірнеше рет пәтер алғанын байқаған.
Мәслихаттың депутат өкілеттілігі, азаматтар құқығы, қоғамдық ұйымдармен және БАҚ өкілдерімен байланыс жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Александр Сихвардттың депутаттарға хабарлағанындай, облыстық мәслихат хатшысының қызметін тексеруге Бескөл ауылының тұрғынының хаты себеп болған. Ол хатты депутаттар Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы мен ішкі істер департаментіне жөнелткен. Тексеру хатта көрсетілген деректердің шындыққа жанасатынын көрсетіп берді.
Атап айтқанда, 2000 жылы қызметтік коммуналдық пәтер алған С. Құнанбаев 2003 жылы оны жекешелендіріп алып, кейін ұлының атына жазған. 2005 жылы С. Құнанбаев екінші рет коммуналдық пәтер алған. Алайда, біршама уақыт өткен соң ол тағы да арыз берген. Бұл жолы Мемлекеттік бағдарлама бойынша жеңілдікті ипотекалық пәтер алудан үміттенген.
«Тиісті арыз беру кезінде Құнанбаев әйелінің меншігінде пәтер болғанын және жекешелендірілген қызметтік үйін ұлына тарту ету дерегін жасырған. Ол осы жолы да элиталық үйдегі үш бөлмелі пәтер алудың сәті түскен. Сол кезде Құнанбаев әйелінің пәтерін жылдам сатып жіберіп, оның орнына оған жаңа ипотекалық пәтерді тарту еткен», — деп хабарлады А. Сихвардт.
Құқық қорғау органдарының ақпаратына сүйенсек, Құнанбаевтың іс-әрекеттерінде Қылмыстық кодекстің 177-бабында қарастырылған қылмыс белгілері байқалады. Атап айтқанда, алаяқтық, яғни, қызмет бабын пайдалана отырып алдау немесе сенімді асыра пайдалану жолымен өзгенің мүлкін тонау немесе өзгенің мүлкіне иелік еті құқын алу.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті