ТЖМ ақпараты бойынша, Алматы облысындағы Ақжар ауылында («Эдельвейс» саяжайы) 20 наурызда 18 сағат 50 минутта қолдан жасалған темір бетонды тіреуіші бар террассалардың (35-40 метрр биіктіктен құлады) қопарылуы салдарынан (террассаларды жоғарыда тұрған саяжай иелері салған ) саяжай үйі қирады.
«Қопарылыс кезінде үйдің ішінде жеті адам болған. Үйіндіні қазу жұмыстары кезінде оның астынан бес адамның денесі табылып, екі тірі қалған адам ауруханаға жеткізілді, оның ішінде 4 жасар бала да болды. Жоғарыдан құлаған темір бетон көлемі 50 м3, топырақ көлемі 75 м3 құраған «, — деп түсіндірді министрлікте.
Апатты жою жұмыстарына ТЖМ бөлімшелері қатысып, соның қатарында Алматы облысының ТЖД (3 адам және бір техника), «Республикалық ОСО» (36 адам және 4 бірлік техника), «Қазселезащита»МБ (15 адам және 3 техника), «Медициналық апат орталығы» (6 адам және 2 бірлік техника) болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті