Павлодар облысында ағашты заңсыз кескені үшін "Ертіс орманы" табиғи резерватының екі қызметкері тұтқындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында ағашты заңсыз кескені үшін "Ертіс орманы" табиғи резерватының екі қызметкері тұтқындалды

Павлодар облысында ағашты заңсыз кескені үшін "Ертіс орманы" табиғи резерватының екі қызметкері тұтқындалды

Павлодар. 21 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысында ағашты заңсыз кескені үшін "Ертіс орманы" табиғат резерватының екі қызметкері тұтқындалды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне өңірлік ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 21 Наурыз 2008
  • 646
Фото - Caravan.kz

Полицияның мәліметтеріне сүйенсек, жасыл алқапты қорғаудың орнына орманшылар пайда табу мақсатымен өздері заңсыз ағаш кесумен айналысқан. Атап айтқанда, Лебяжье ауданында табиғат қорғау полициясының қызметкерлері Маралды орман шаруашылығының мемлекеттік инспекторын тұтқындаған. Одан жалпы сомасы 64 мың теңгені құрайтын ағаш партиясы тәркіленді. Резерват қызметкеріне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 175 бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ қылмыстық іс «Ертіс орманы» мемлекеттік мекемесінің жүргізушісіне қатысты да қозғалды. Табиғат резервуарының 33 жастағы қызметкері 190 мың теңге көлеміндегі орман алқабын заңсыз отаған. Ол қатарынан екі бап бойынша — 175 бап (Ұрлық) және 291 бап 3 тармақ (Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу) қылмыс жасаған деген күдікті арқалап отыр.

Полиция департаментінде атап көрсеткендей, жыл басынан бері облыс аумағында табиғат қорғау заңының 107 мәрте бұзылу оқиғасы анықталған. Оның 60-ы өсімдік әлеміне байланысты. 28 қылмыстық іс қозғалған. 546 текше метр ағаш тәркіленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті