БҰҰ Оңтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ Оңтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетеді

БҰҰ Оңтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетеді

Алматы. 21 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - БҰҰ кеше Оңтүстік Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге 4,8 млн теңге көлеміндегі сомаға халықаралық гуманитарлық жүкті табыс етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы кеңсесіне сілтеме жасай отырып.

  • 21 Наурыз 2008
  • 545
Фото - Caravan.kz

Жүк Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш, Ордабасы, Арыс және Шардара аудандарындағы зардап шеккен отбасыларға таратылуы үшін Қызыл жарты ай Ұлттық қоғамының Оңтүстік Қазақстандағы бөлімшесіне табысталды.

Апта бұрын Қазақстандағы БҰҰ өкілдігі халықаралық донорлардың арасында Оңтүстік Қазақстан облысындағы мүмкіндік болған жағдайда гуманитарлық көмек жеткізуге болатын су басқан аудандарының халқының бірінші кезектегі қажеттіліктерін бағалау бойынша баяндама таратқан болатын.

Бірінші кезектегі гуманитарлық көмекке толықтыру ретінде Қазақстандағы БҰҰ агенттіктері апаттың әлеуметтік салдарын жою қадамдарын жасап жатыр. ЮНИСЕФ ауыз су жеткізу, әлеуметтік жағдайы нашар отбасылардың балаларына қолдау көрсету және өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық проблеманың шешілуіне ықпал ету мүмкіндіктерін қарастырып жатыр. БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі бас комиссары басқармасы зардап шеккен халыққа уақытша пана жіберу түріндегі гуманитарлық көмек көрсету мәселесін қарастырса, БҰҰ Даму бағдарламасы дағарыстан кейінгі жағдайды жақсарту бойынша іс-әрекеттерді үйлестіру және тасымалдау проблемаларын шешу үшін 6 млн теңге бөлуді жоспарлап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті