Ақтөбеде құрылыс компаниясының директоры үлескерлердің 127 млн теңгесін иемденген күдікті деп танылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде құрылыс компаниясының  директоры үлескерлердің 127 млн теңгесін иемденген күдікті деп танылуда

Ақтөбеде құрылыс компаниясының директоры үлескерлердің 127 млн теңгесін иемденген күдікті деп танылуда

Ақтөбе. 21 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаменті "ҚазГлавСтрой" құрылыс компаниясының директорының үстінен үлескерлердің ақшасын алдау және сенімге кіру арқылы иемденгені үшін қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 21 Наурыз 2008
  • 491
Фото - Caravan.kz

Облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің баспасөз хатшысы Ануар Добрашевтің айтуынша, «Арай» тұрғын үй кешенінің құрылысына арналған жер телімі болуға байланысты құрылыс-монтаж жұмыстарына рұқсат алған фирма басшылығы тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін үлескерлердің қаржысын тартып, олардың әрбіреуімен келісім-шартына қол қойған.

«Келісім шарттына сәйкес құрылыс 2007 жылдың үшінші тоқсанында аяқталып, пайдалануға берілуге тиіс болған. Әрбір қатысушы «КазГлавСтрой»ЖШС-іне өздерінің бастапқы жарналарын енгізген, алайда, артынан белгілі болғанындай, үлескерлердің ақшасы көп пәтерлі үйдің құрылысына емес, серіктестіктің басқа қажеттіліктеріне жұмсалған», — деді А. Добрашев.

Облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің ақпаратына сәйкес, сөйтіп, үй бүгінгі күнге дейін салынбаған, ал 127, 4 млн теңге қаржы ақша жоқтықтан үлескерлерге қайтарылмаған.

Қазір бұл дерек бойынша «КазГлавСтрой» ЖШС директорының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 177-ші бабының 3 тармағы, «б» тармақшасы бойынша (Аса ірі көлемдегі алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті