Мемлекет басшысы AIBA президентімен Қазақстанда бокстың даму перспективасын талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы AIBA президентімен Қазақстанда бокстың даму перспективасын талқылады

Мемлекет басшысы AIBA президентімен Қазақстанда бокстың даму перспективасын талқылады

Астана. 21 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін халықаралық әуесқой боксшылар федерациясы - AIBA президенті Чинг Коу Вуды қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 21 Наурыз 2008
  • 481
Фото - Caravan.kz

«Біз Қазақстанда бокстың даму перспективасын талқыладық «, — деді Чинг Коу Ву.

«Мен спортты шынайы қолдайтын Қазақстан президентіне таңданамын. Ел көшбасшысының спорттың дамуына осынша деңгейде қолдау көрсетуі тамаша», — деді ол. «Бұл елдің спортты дамыту жөніндегі асқаралы жоспарлары бар екенін көріп отырмын, халықаралық спорт федерациясы Қазақстанда бокстың дамуын қолдау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды», — деді Чинг Коу Ву.

Осы күндері Астанада бокстан екінші Азиялық олимпиадалық жіктеу турнирі — «Астана 2008» өтуде. Сайыстарға Азияның 25 елінен боксерлер қатысуда. Турнирде Азия құрлығына арналған 19 қалған лицензия жүлдеге салынуда. Қалған 19 лицензия Таиландыда бірінші Азиялық олимпиадалық жіктеу турнирінде сарапқа салынды. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан президенті турнирдің 23 наурызда өтетін финалдық бөліміне қатысады.

«Қазақстанда мықты боксшы көп, мүмкін тағы да бес адам олипиада ойындарына жолдама алуы мүмкін», — деді AIBA басшысы. «Қазақстанда бокстан төрт олимпиада алтыны бар. Меніңше, алдағы олимпиада ойындарында да табыс Қазақстанды айналып өтпейді», -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті