Қарағанды облысында бұрынғы полиция қызметкерлері жеті жылға бас бостандығынан айрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында бұрынғы полиция қызметкерлері жеті жылға бас бостандығынан айрылды

Қарағанды облысында бұрынғы полиция қызметкерлері жеті жылға бас бостандығынан айрылды

Қарағанды. 25 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысының Абай аудандық сот үкімі бойынша Абай ауданының ІІД Топар полиция бөлімінің тергеу бөлімінің бұрынғы бастығы О. Әшірбеков пен сол бөлімнің аға тергеушісі Г. Күлімбетов жеті жылға бас бостандығынан айрылды. Бұл туралы агенттік тілшісіне Қарағанды облысының Абай ауданы прокурорының көмекшісі Светлана Живаева құлағдар етті.

  • 25 Наурыз 2008
  • 438
Фото - Caravan.kz

«Бұрынғы полиция қызметкерлері өзара алдын ала келісіп, өз қызмет міндеттеріне кіретін істерді атқару үшін жергілікті тұрғыннан көлік аккумуляторын, ұялы телефон сияқты заттарды бопсалап, 130 мың теңге көлемінде ақша алған. Сол арқылы азаматтың құқығы мен заңды мүддесін бұзған», — деп хабарлады С. Живаева.

Оның сөздері бойынша, сот үкімі сотталғандардың берген арызы бойынша аппеляциялық мекемесінде қайта қаралып, сол күйінде өзгеріссіз қалдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті