Президент Қырғызстанның белгілі жазушысы Шыңғыс Айтматовты қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент Қырғызстанның белгілі жазушысы Шыңғыс Айтматовты қабылдады

Президент Қырғызстанның белгілі жазушысы Шыңғыс Айтматовты қабылдады

Астана. 25 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қырғызстанның белгілі жазушысы Шыңғыс Айтматовты қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 25 Наурыз 2008
  • 1270
Фото - Caravan.kz

Кездесу кезінде екі мемлекет арасындағы мәдениет саласындағы қарым қатынастар мәселелері мен болашағы талқыланды.

«Қазақстан да мен үшін отан. Қазақтың шығармашылық зиялы қауымымен қарым қатынастар жасалып, ықпалдасу шаралары жалғастырылып жатыр», — деді Ш. Айтматов президентпен кездесуден кейін өткен брифингте.

Жазушы айтқанындай, оның «Тавро Кассандры» романы бойынша Қазақстан жағы фильм түсіруді жоспарлап отыр. «Тавро Кассандры» фильмнің бағдарламасы айтарлықтай алға жылжып, дайындалып жатыр», — деп атап өтті ол.

Ш. Айтматов журналистерге өзінің шығармашылық жоспарлары туралы да айтты. «Бір нәрселерді жазып жатырмын деп айту ертерек. Бірақ бұл тарихи шығарма болатынын айта аламын. Онда қазіргі жаһандану мәселелері, біздер мен сіздер бастан кешкен кезеңдер қамтылатын болады «, — деді ол.

Жазушы атап өткеніндей, президентпен өткен кездесу кезінде Орталық Азия аясындағы ықпалдастық мәселесінің маңыздылығы талқыланды. «Әрине, біздің мемлекеттер, біздің мәдениетіміз, индустриямыз бірлесуімізге сәйкес болуы үшін көп уақыт керек. Н. Назарбаевтың мен қолдайтын және қолдап отырған орталықазиялық ықпалдастық туралы ұлы идеясы біздің халықтарымыздың уақыт талабына сай толық ықпалдасып, өзара түсіністікте дамуы үшін басты стратегиялық жол болуы мүмкін», — деп атап өтті Ш. Айтматов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті