Байқоңырға Халықаралық ғарыш станциясына 2008 жылдың мамыр айында ұшырылатын "Прогресс М-64" жүк кораблі жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырға Халықаралық ғарыш станциясына 2008 жылдың мамыр айында ұшырылатын  "Прогресс М-64" жүк кораблі жеткізілді

Байқоңырға Халықаралық ғарыш станциясына 2008 жылдың мамыр айында ұшырылатын "Прогресс М-64" жүк кораблі жеткізілді

Байқоңыр. 25 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырға Халықаралық ғарыш станциясына 2008 жылдың мамыр айында ұшырылатын "Прогресс М-64" жүк кораблі жеткізілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 25 Наурыз 2008
  • 455
Фото - Caravan.kz

Королев қаласындағы зауытта жасалған «Прогресс М-64» жүк кемесі бүгін темір жолмен Төретам станциясына жеткізілді. Қажетті кедендік рәсімдеу процедураларынан кейін ғарыштық аппарат пен қосалқы жабдықтар темір жол тармағымен Төретамнан №254 алаңның монтаж-сынақ корпусына жеткізіліп, онда ұшырылым алындағы дайындыққа дейін сақталады.

Жүк таситын «Прогресс» кемесін дайындау аясында 22 ақпанда ғарыш айлағына оны ғарышқа жеткізетін «Союз-У» зымыран тасығышы әкелінді.

«Прогресс М-64» жүк кемесін алып ұшатын «Союз-У» зымыран тасығышын ұшырылымға дайындау шаралары 2008 жылдың сәуір айының басында басталады. «Прогресс М-64» жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік, ғылыми жабдық пен отын жеткізеді.

«Прогресс М-64» жүк кемесін алып ұшатын «Союз-У» зымыран тасығышын 2008 жылдың мамыр айында ұшыру межеленген.

Бұл Халықаралық ғарыш станциясына ұшырылатын екінші жүк «Прогрессі». Бірінші «Прогресс-63» жүк тасымалдаушы кемесі 2008 жылдың 5 ақпанында ұшырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті