ОҚО жаздық егіс алқаптары ұлғайтылады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО жаздық егіс алқаптары ұлғайтылады

ОҚО жаздық егіс алқаптары ұлғайтылады

Шымкент. 25 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында жаздық егіс науқаны басталды, бұл туралы агенттік тілшісіне ОҚО ауыл шаруашылық департаментінің өсімдік бөліміндегілер хабарлады.

  • 25 Наурыз 2008
  • 698
Фото - Caravan.kz

Мамандардың айтуынша, биылғы жылы егістік жұмыстары екі аптаға ерте басталды. Шаруалар жаздық егістікті үлкен алқаптарда жүргізетін болады.

«Өткен күзде ерте түскен суықтан шаруалар 150 мың гектар күздік егістің орнына 100 мың гектарға егін екті. Енді бұл алқаптарға арпа, бидай сияқты жаздық дақылдар отырғызылады», — деп хабарлады өсімдік бөлімінің мамандары.

Өсімдік бөлім мамандарының мәліметтері бойынша, 30 мың гектар жерге масақ дәнді дақылдары себілді. Жоспар бойынша 60 мың гектарға жаздық тұқым себіледі.

Өткен жылы масақ дәнділер 185 мың гектар жерден жиналып, жалпы жиналған көлем 350 мың 800 тоннаны құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті