Атырау облысында электр қуатының балама жеткізушісі пайда болады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында электр қуатының балама жеткізушісі пайда болады

Атырау облысында электр қуатының балама жеткізушісі пайда болады

Атырау. 25 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Атырау облысында электр қуатының балама жеткізушісі пайда болады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Атырау облыстық басқармасының директоры Балжан Досмұхамбетова хабарлады. "Облыста "Энергия" МКК құрылады. Оның иелігіне сот арқылы иесіз деп табылған желілердің барлығы өтетін болады", - деп хабарлады Б. Досмұхаметова.

  • 25 Наурыз 2008
  • 521
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, «Энергия» МКК «Атыраужарық» монополист кәсіпорынының желілерін соқпастан электр қуатын беріп, өз тарифтік жоспарын қалыптастыруды көздеп отыр.

«Энергия» МКК басқаруына қатарға қосылып жатқан барлық жаңа қосалқы станциялар, бөлуші станциялар мен салынып жатқан желілер берілмек. «Энергия» сенімді басқарушы құқымен «Атыраужарық» меншігіне жатпайтын аудандық желілерді пайдаланбақ ниетте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті