21 наурызда Барнауылға барған жұмыс сапары кезінде Павлодар облысының әкімі Қайрат Нүрпейсов пен Алтай аймағының басшысы Александр Карлин келіссөздер хаттамасына қол қойды. Келісімде екі аймақтық интеграциясын дамытуға бағытталған кеңейтілген мәселелер қамтылған.
«Соңғы кезде біздің мемлекет басшылары Нұрсұлтана Назарбаев пен Владимир Путиннің сіңірген еңбегі арқасында, қазақ-ресей қатынастары жаңа деңгейге көтерілді және біздің міндетімізге бұл тапсырмаларды жүзеге асыру үшін тату көршілік қатынастарды қарқынды дамыту болып табылады «, -деп атап өтті журналистерге берген сұхбатында Павлодар облысының әкімі Қ. Нұрпеисов.
Алтай аймағының губернаторы А. Карлин атап өткеніндей, «екі мемлекеттің ертеден келе жатқан тарихи тамырластық байланыстырып отыр, сондықтан достық пен ынтымақтастықты сақтап, оны нығайту керек». Ол сондай-ақ, шекараралық аймақтардың іскер топтарының жиі кездесуінің маңыздылығын атап өтті.
«Павлодар делегациясымен қарым- қатынас барысында біздерде іскерлік баланыс орнатылып, олар болашақта нақты жобалар мен келісімдерге ұласып, ағайынды территориялар арасындағы достық, көршілес қарым қатынастардың рухани, әлеуметтік, экономикалық тиімді ынтымақтастыққа әкелетініне сенімдімін «, — деп атап өтті губернатор А. Карлин.
Ресей мамандары атап өткеніндей, Алтай аймағында Қазақстан негізгі сыртқы сауда серіктесі болып отыр. 2007 жылы Қазақстан Республикасының Алтай аймағы бойынша жасаған сауда-саттық айналымының салмағы- 31,6% құрады. Тауар айналымы 16,1% -ға жетіп $440 млн асты. Ал Алтай тауарларының экспорт көлемі ( $300 млн) 35,6% ұлғайды.
Барнаулда өткен кездесу кезінде аймақ басшылары мәдени делегациялармен алмасу жөнінде келісім жасады. Биылғы жазда Ж. Аймауытов пен А. Чехов атындағы Павлодар театрының ұжымы Алтайдың театр фестиваліне қатысатын болады. Сонымен қатар, шығармашылық ұжымдар мен классикалық музыка оркестрінің гастрольдерін ұйымдастыру келісілді. Сондай-ақ, МЕҰ арасындағы қатынастарды орнату жөнінде уағдаластық жасалды.
Қазақстан мен Алтай аймағы арасындағы шекара қашықтығы 800 шақырымды құрайды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті