«Біз электр қуатының ақысын төлемеген бюджеттік ұйымдар мен жеке тұлғаларды жоспарлы түрде ажыратып отыратын боламыз. Олардың қатарында кеңселер де, мектептер де, әкімдік құрылымдары да бар. Осылардың арқасында біздің электр қуатын сатып алатын қаражатымыз жоқ», — деп хабарлады О. Иванова.
О. Иванованың айтуынша, бүгінгі таңда тұтынушылардың энергетиктер алдындағы қарызы 252 млн теңгені құраған. Оның 150 млн-ын халық, 33 млн-ын бюджеттік құрылымдар, ал қалғанын кәсіпорындар мен коммерциялық ұйымдар қарыз.
«Біз осыдан екі апта бұрын барлығын жазбаша түрде ескерттік. Алайда, көбісі біздің ескертулерімізге құлақ аспады. Бюджеттік ұйымдардың қарызы 38 млн теңгеден 33 млн теңгеге дейін ғана қысқарды», — деп түсіндірді О. Иванова.
О. Иванованың ақпаратына сүйенсек, әрқайсысының қарызы миллион теңгеге жуық немесе осы көлемнен асып жығылатын бюджеттік ұйымдардың қатарында ИЧ-167/3, «Қазселденқорғау», «Жасыл қала» МҚКК, Қарттар үйі, облыс әкімі аппаратының шаруашылық басқармасы және т.с.с. бар.
«Ал қанша қала мектебі қарыз десеңізші! Оларды да жарықсыз қалдырамыз», — деп толықтырды О. Иванова.
Сонымен бірге, бүгін қалалық әкімдікте облыс әкімі Нұрғали Әшімовтың қатысуымен кеңейтілген отырыс болып өтті. Ондағы мәселелердің бірі ретінде Шымкент бюджетінің жетіспеушілігі қарастырылған. Ол жыл басынан бері тек 70 пайызға орындалған. Жоспарланған қаражат қала қазынасына келіп түспегендіктен көптеген бюджеттік мекемелерде жалақы қарызы, сондай-ақ, коммуналдық қызметтер ақысын төлемеу туындаған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті