«Павлодар облысында кен қазу өнеркәсібі, энергетика кешені белсенді дамуда. Ал бізде машина құрылысы, салауатты туризм индустриясы, фармацевтика жақсы дамып келе жатыр. Ынтымақтастық пен өзара түсіністік тақырыптары міне осылар», — деп атап көрсетті Алтай аймағының губернаторы Александр Карлин.
Екі шекаралас өңір басшыларының Барнаулда өткен кездесуі барысында Алтай өлкесінің инвестициялық жобалары мен экономикалық әлеуетінің ресми таныстырылымы өтті. Атап айтқанда, жергілікті әкімшілік мамандарының хабарлауынша, қазір аймақта табиғи және қатерлі туризмнің жастарға және қызық қуған қалталыларға арналған туристік-рекреациялық типтегі «Бирюзалы Катунь» арнайы экономикалық зонасы құрылу үстінде. Ол бір мезгілде 3,5 мың демалушыға дейін қабылдай алады. Мұнда Қазақстан тұрғындары да келіп емделе алады. Келесі жоба — «Сібір монетасы» ойын зонасы. Ол 2304,2 гектар аумақта орналасады. Жоба құны — 28 млрд рубль. Тағы бір маңызды жоба — Бийск қаласындағы биофармацевтикалық кластер.
«Мұнда табиғи материалдар негізінде қазіргі заманның дәрі-дәрмектерін жасау және өндіру жұмыстары қолға алынатын болады», — деп атап көрсетті Ресей мамандары. Өзге де жобалардың қатарында биоэтанол өндірісін ашу, тау-кен кластерін дамыту бар. Сонымен бірге, өлке әкімшілігінің өкілдерінің айтуынша, қазір өңірде аса маңызды аграрлық аумақты құруға дайындық жүріп жатыр.
«Алтай өлкесі үшін Қазақстан нөмірі бірінші экономикалық серіктес. Және де біз республика бизнесін өңіріміздің ірі инвестициялық жобаларына қатысуға шақыруға қуаныштымыз», — деп атап көрсетті «Қазақстан Бүгін» агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында Алтай өлкесін өңір аралық және халықаралық байланыстармен қамтамасыз ету басқармасының бастығы Александр Жилин. Оның айтуынша, 2007 жылы тауар айналымы 445 млн АҚШ долларын құраған.
«Болашақта біздің қатынастарымыз тек дами түседі деген ойдамын. Өйткені, біз мемлекеттеріміздің даму стратегиясы жөнінде, бірыңғай экономикалық кеңістік құру жоспары туралы білеміз. Сондықтан, интеграция керек деп есептеймін. Бұл бойынша біз дұрыс бағыттамыз», — деп атап көрсетті А. Жилин.
«Біз Алтай өлкесінің табысты даму қарқынына тәнті болдық және екі мемлекеттің игілігі үшін ынтымақтастықты жалғастыра беру үшін біздің өзара қызығушылықтарымыз қаншалықты сәйкес келетінін білдік», — деді Павлодар облысының әкімі Қ. Нұрпейісов.
Алтай өлкесі Ресейдің ірі аграрлық және индустриялық орталығы. Өткен жылы мұнда 5 млн тонна астық жиналған. Орман қорының жалпы көлемі 524 млн текше метрді құрайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті