Баспасөз қызметі хабарлағанындай бұл мәселе 27 наурызда Астанада Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше -мемлекеттердің есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі құзыретті органдар (ЕЗАҚКО ) басшыларының үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында қарастырылады. Оның жұмысына ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжа қатысады.
ЕЗАҚКО мүшелері заңсыз есірткі айналымына қарсы тұру шараларын жүргізіп, есірткі айналымына кіретін психотроптық заттар, оның химиялық прекурсорлары сияқты заттардың ақпараттық ресурстар тізімін бекітетін болады.
Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі құзыретті органдар басшыларының үйлестіру кеңесінде ЕҚШҰ аясында есірткі, психотроптық заттар, оның прекурсорларының бірыңғай тізімін жасау мәселесі талқыланып, биылғы жылы жасалатын жоспар жұмысы қарастырылады.
Н. Бордюжа ҰҚШҚ ұжымдық қауіпсіздік Кеңесінің шешімімен 2005 жылы құрылған заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес жөніндегі құзыретті органдар басшыларының үйлестіру кеңесі жұмысының тиімділігін атап өтті.
«Қысқа мерзім арасында үйлестіру кеңесі іс жүзінде есірткі басқыншылығына қарсы тұру жөнінде мемлекетаралық ірі жобаларды жүзеге асырудың бағытын белгілеп, аймақтық есірткіге қарсы келісілген саясатын құрып, ұйымға мүше мемлекеттердің құқықтың органдардың күшін жұмылдырып, ҰҚШҰ халықаралық ынтымақтастық көп деңгейлі жүйесінің орталығы екендігін дәлелдеді», — деп атап өтті Н. Бордюжа.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті