Астана әкімшілігінде Елордасының 10 жылдығын тойлау жөнінде кеңес өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана әкімшілігінде Елордасының 10 жылдығын тойлау жөнінде кеңес өтеді

Астана әкімшілігінде Елордасының 10 жылдығын тойлау жөнінде кеңес өтеді

Астана. 26 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Астана әкімшілігінде Елордасының 10 жылдығын тойлау жөнінде кеңес өтеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 26 Наурыз 2008
  • 400
Фото - Caravan.kz

Кеңеске президент Нұрсұлтан Назарбаев, премьер-министр Кәрім Мәсімов, үкімет мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары, президент әкімшілігі мен үкімет басшысы кеңсесінің жауапты қызметкерлері, қалалық әкімшілік бөлімдері мен құрылыс ұйымдарының жетекшілері қатысады.

Кеңесте қала әкімі Асқар Мамин сөз сөйлеп, қала күніне орай пайдалануға беріледі деп жоспарланған нысандардың: «Қазақ елі» тәуелсіздік монументі, жаңа конгресс-холл ғимараты, «Шабыт» шығармашылық сарайы, «Жер Ана» мемориалы, медициналық кластер нысандары, транспорттық инфрақұрылым, саябақтар мен скверлердің құрылысының барысы туралы баяндайды.

Сонымен бірге, А. Мамин тойға дайындық, ақпараттық-имидж жасау жұмыстары, қаланы мерекеге орай безендіру мен мерейтойлық шаралар жөнінде әңгімелеп береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті