«Қазақстанда Жалпы ішкі өнімнің өсімі шамамен 9% құрайды, осы жылдың ішінде бұл сан сәл азаятынын біз білеміз, бірақ ол 7 — 8% деңгейінде қалады, яғни, ол Орталық және Шығыс Еуропа аймағы бойынша ең жоғары көрсеткіш. «Майкрософт» үшін бұл ең тартымды аймақ, — деді В. Торросян.
Ол Қазақстанда инсталлациялық дербес компьютерлердің өсімі шамамен жылына 25 — 30% құрап отырғанын еске салды. «Біздің пайымдауымызша, елдегі IT-рынок шығындар мен оған жұмсалған қаражат тұрғысынан жыл сайын 20%-ға өсіп отыр», — деді «Майкрософт» өкілі.
«Біз оны келесі буын өнімдеріне деген сұраныс тұрғысынан да бағалап отырмыз, ол Қазақстанды ғаламдық тұрғыда ІТ -саласына инвестициялар құю үшін оң позицияға алып шығады», — деді В. Торросян.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті